Жазда Алматының Түркісіб ауданы Щербаков көшесіндегі екі қабатты үйлері өртеніп, бір ай бойы ауладағы шатырда тұрған азаматтар 13 желтоқсан күні қысылшақ кезде қол ұшын созған азаматтарды қонаққа шақырып, әкімдік жөндеп берген үйлерінің қоныс тойын жасады.
Үй тамыздың 15-не қараған түні өртеніп, 50 шақты адам далада қалған еді. Тұрғындардың айтуынша, үйді жөндеуге әкімдік көмектескен. Үй біткенше оларды жалдамалы пәтерлермен де әкімдік қамтамасыз еткен. Бала-шағасымен далада қалған азаматтарға қала тұрғындары да қатты қайырым көрсеткен еді.