13 желтоқсан күні Жаңаөзен оқиғасына қатысып, абақтыдағы соққыдан қаза тапқан Базарбай Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаева ауыр науқастан 24 жасында қайтыс болды.
Базарбай Кенжебаевтың өлімі Жаңаөзен абақтысында азапқа ұшырағаны жарияланғаннан кейін халықаралық қауымдастыққа белгілі болған. Жаңаөзенде 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні шеруге шыққан жұртқа полиция оқ атқан еді.
Әсем Кенжебаеваның өзі де әкесінің өлімін әділ тексеруді және оған кінәлі адамдарды жазалауды талап етіп, танылған. Жаңаөзен ісі бойынша өткен сотта Әсем Кенжебаева куәгер ретінде жауап берген.
Кенжебаевтар отбасының адвокаты Шамин Базаров Азаттыққа Әсем Кенжебаеваның Алматы қаласындағы ауруханада қайтыс болғанын хабарлады. Оны Алматыға емдеуге әкелген.
Соңғы уақытта ол «Өзенмұнайгаз» компаниясына жұмысқа тұрған. Бұл компания мен марқұмның күйеуі қазыр мәйітті Жаңаөзенге жеткізу қамымен айналысып жатыр.