Accessibility links

Эмомали Рахмон ИМ-ді "індетке" теңеді


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон "Ислам мемлекеті" (ИМ) террорлық ұйымын "қазіргі заманның індеті" деп атады. Оның айтуынша, "ИМ ғаламдық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр".

Тәжікстан президенті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, Рахмон Тәжікстаннан Сирияға барып, ИМ-ге қосылған жүздеген тәжік жастарын айыптаған.

AFP агенттігінің ақпараты бойынша, Тәжікстаннан Сириядағы соғысқа 300-ден аса тәжік азаматы аттанған. Олардың кем дегенде 50-і қаза тапқан.

Тәжікстан президенті "Бұл жастар елге оралғанда бүлік бастайды. Олар - Тәжікстанға қатер. Өйткені жастарды Сирия мен Ирактағы соғысқа қатысуға азғырады" деген.

Қараша айында Тәжікстанда "Жамағат Ансаруллах" экстремистік ұйымының 12 мүшесі ұсталғаны хабарланған еді. Олар "Сириядағы соғысқа қатысты" деген күдікке ілінген. Желтоқсанның басында Тәжікстан үкіметі 50 содырдың тұтқындалғанын мәлімдеген. Оларға да "Сириядағы соғысқа қатысты" деген айып тағылған.

XS
SM
MD
LG