Accessibility links

Украинаны қолдау құжаты Обамаға жіберілді


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ сенаты Вашингтонның Украинаға 350 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек беруіне және Ресейге қарсы жаңа санкциялар салуына мүмкіндік беретін заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Жоба енді президент Барак Обаманың қол қоюына жөнелтілді.

Ақ үй әзірге бұл заң жобасының жай-жапсарына қатысты ұстанымын білдіре қоймады.

Құжатта Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейдің энергетикалық және қорғаныс секторына, оның ішінде "Рособоронэкспортқа" мемлекеттік кәсіпорнына қарсы жаңа санкциялар салу қарастырылған. Обама ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келеді деп тапса, бұл шаралардан бас тартуға да құқығы бар.

Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков бұл заң жобасын "АҚШ-тағы Ресейге қарсы көңіл-күйдің тағы бір көрінуі" деп атады.

XS
SM
MD
LG