Астана мен Пекин Қазақстан территориясында атом электр станцияларына арналған ядролық отын өндіретін бірлескен кәсіпорын ашу туралы келісім жасасты деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының баспасөз қызметі.
Қытай премьер-миинстрі Ли Кэцяннің Қазақстанға сапары аясында "Қазатомпром" компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаров пен Қытай бас ядролық-энергетикалық корпорациясының басшысы Чжан Шанминь ядролық энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы келісімге қол қойған.
Қордың ақпаратына қарағанда, құжатта Қазақстан аумағында Қытай мен өзге елдердің АЭС-теріне арналған ядролық отын өндіретін және уран өңдейтін бірлескен зауыт салу жайы қарастырылған.