Accessibility links

Сиднейде қарулы адам бірнеше адамды кепілге алды


Сиднейдегі адамдар кепілге алынған кафе маңында жүрген арнайы жасақ сарбазы. Австралия, 15 желтоқсан 2014 жыл.
Сиднейдегі адамдар кепілге алынған кафе маңында жүрген арнайы жасақ сарбазы. Австралия, 15 желтоқсан 2014 жыл.

Австралияның Сидней қаласында қарулы белгісіз ер адам қала орталығындағы қаржы және сауда құрылымдары орналасқан аудандағы Lindt Chocolat атты кафені басып алып, ішіндегі адамдарды кепілге алды. Арнайы жасақ сарбаздары кафе орналасқан аумақты қоршауға алған.

Желтоқсанның 15-інде жергілікті телеарна таратқан хабарларда үш адамның қолдарын жоғары көтеріп, кафе терезесінен үш адамның қолдарын жоғары көтеріп, араб тілінде жазулары бар қара ту ұстап тұрғаны бейнеленген кадрлар көрсетілген.

Кейбір ақпарат құралдарының ақпаратына қарағанда, Lindt кафесінің басшысы Стив Лоун кафеде клиенттер мен қызметкерлерді қоса алғанда 50-дей адам болуы мүмкін екенін айтқан. Куәлердің айтуынша, кафеде 13 адам болған. Оқиға орнына атыс дауысы естілген.

Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының полиция басшысы Эндрю Сципионаның айтуынша, қарулы адам кафені басып алардан бұрын полицияға соқтықпаған. Әзірге оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ дейді полиция өкілі.

Австралия премьер-министрі Тони Эбботт оқиғаның артында кім тұрғаны әзірге белгісіз екенін айтады. Премьер "Біз нақты белгілері болса да, бұл оқиғаның саяси астары барын біле алмай тұрмыз. Саяси астары бар зорлық-зомбылық оқиғасы адамдарды үрейлендіріп, олардың арасында қорқыныш сезімін тудыруды көздейді" деген.

"Австралия - ашық әрі жомарт қоғам. Мұны ешкім өзгерте алмайды. Сондықтан мен барлық австралиялықтарды бүгін әдеттегідей жұмысын жалғастыра беруге шақырамын" деген Тони Эбботт.

XS
SM
MD
LG