Бүгін Пәкістанның Пешавар қаласында талибтер мектепке шабуыл жасап, 126 адамды (оның көбі - бала) мерт етті.
Ресми билік шабуылдан 122 бала жараланғанын хабарлады. 500-ге тарта адам бар деп болжанған ғимарат қазір әскер қоршауына алынған. Онда атыс дауысы естіліп жатыр.