Accessibility links

Қытай Шығыс Еуропаға қаржы құяды


Қытай премьер-министрі Ли Кэцян Белград саммитінде сөйлеп тұр. Сербия. 16 желтоқсан, 2014 жыл.
Қытай премьер-министрі Ли Кэцян Белград саммитінде сөйлеп тұр. Сербия. 16 желтоқсан, 2014 жыл.

Қытай Орталық және Шығыс Еуропадағы жобалар үшін үш миллиард долларлық инвестициялық қор құратынын жариялады.

Бұл туралы осы ел премьері Ли Кэцян аталған аймақтың 16 елдің басшысы қатысқан Белградтағы саммитте мәлімеді.

Сербияға үш күндік сапар мақсатымен барған Ли Кэцян делегациясы құрамында бизнестің 200 өкілі бар. Сапар барысында Сербия-Венгрия астаналары арасына қатынайтын жоғары жылдамдықты теміржол құрылысы туралы мәміле қуатталады деп күтіліп отыр.

Қытай премьер-министрі ертең Белград маңындағы жоғары жылдамдықты жолдарды жалғайтын, Қытай компаниясы салған, құны 170 миллион долларлық көпірдің ашылу рәсіміне қатыспақ.

XS
SM
MD
LG