Қазақстан Пешавар мектебіндегі шабуылдан мерт болған адамдардың қазасына байланысты Пәкістан үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі таратқан ресми мәлімдемесінде "Талибан" жасаған шабуылды айыптап, "бұл - лаңкестердің адамгершіліктен ада екенінің көрінісі" деп бағалаған.
16 желтоқсанда Пәкістанның Пешавар қаласындағы мектепке "Талибан" лаңкестік тобы шабуыл жасап, 141 адам мерт болған еді. Қаза тапқандардың 132-сі - балалар. Шабуылдан 100-ден астам адам жараланған.