Accessibility links

Беларусьте онлайн БАҚ-ты жабуды оңайлататын заң қабылданды


Беларусь ақпарат министрі Лилия Ананич.
Беларусь ақпарат министрі Лилия Ананич.

Беларусь парламенті биліктің кез-келген ақпараттық сайтты бір жылдың ішінде контенті туралы екі рет ескерту алса, жауып тастауына мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады.

Заң жобасын таныстырған Беларусь ақпарат министрі Лилия Ананич құжат қаңтардың 1-інен бастап күшіне енетінін мәлімдеді. Жаңа ережеде онлайн ақпарат құралдарын тіркеуден өтуге міндеттемеген. Бірақ ақпарат министрлігі ақпараттық сайттардың материалдарын Беларусь заңдарын бұзған, бұзбағанына қатысты тексеріп отырмақ.

Сайттар мазмұнына жауапкершілікті олардың иелері тартады.

Заңда бұған қоса шетелдіктердің Беларусь ақпарат құралдарындағы акция үлесін 30 пайыздан 20 пайызға дейін азайту да қарастырылған.

XS
SM
MD
LG