Accessibility links

Туск: ЕО Ресеймен қатынас стратегиясын жасауы керек


Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск.
Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Туск.

Еуропа кеңесі төрағасы Дональд Туск "ЕО Ресеймен ұзақ мерзімдік қарым-қатынасының стратегиясын жасауы тиіс" деді.

Туск 19 желтоқсанға ауған түні Брюссельдегі ЕО лидерлері саммитінің соңында баспасөз мәслихатын өткізген.

Польшаның бұрынғы премьер-министрі Дональд Туск "Біз реакция жасау, қорғану тәсілі аясынан шығуымыз керек" деген. Ол ЕО-ны Ресей және оның президенті Владимир Путинмен күресудің, Украина дағдарысын шешудің "қатаң әрі жауапты" стратегиясын жасауға шақырған.

ЕО-ның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Могерини ЕО мен АҚШ-тың Ресейге жасап отырған экономикалық қысымына қанағаттанбайтынын айтқан. Ол "Путин мен оның маңайындағы шенеуніктер позицияларын түбегейлі өзгертуі қажет" дейді.

XS
SM
MD
LG