Пентагонның мәлімдеуінше, АҚШ пен оның одақтастарының Ирактағы радикалдық "Ислам мемлекеті" ұйымы позицияларына әуеден берген соққыларынан содырлардың бірнеше басшысының көзі жойылған.
АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы, контр-адмирал Джон Кирбидің сөзіне қарағанда, командирлерінің өлімі содырлардың "Ирак армиясына қарсы операцияларды жүргізу қабілетін әлсіретеді".
Wall Street Journal басылымының АҚШ билігі өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, содырлардың қаза тапқан командирлері арасында ұйымның Ирактағы әскери операцияларының басшысы Абд әл-Басит, "Ислам мемлекеті" ұйымы жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидің орынбасары Хаджи Мутаз және Мосул қаласының өзін-өзі жариялаған губернаторы Радвин Талиб бар.