Қазақстан парламенті сенаты бүгін Арменияның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруі жөніндегі келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Келісімді мәжіліс кеше, желтоқсанның 18-і күні мақұлдаған.
Өткен аптада мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті Азаттыққа Арменияның Ресей, Қазақстан және Беларусь құрып жатқан ЕАЭО-ға кіру келісімін ратификациялау туралы заң жобасы әлі түспегенін айтқан еді.
Желтоқсанның 17-сі күні Арменияның ЕАЭО-ға кіруі туралы келісімді Ресей парламентінің жоғарғы палатасы мақұлдаған.