Accessibility links

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 22 желтоқсанда Украинаға ресми сапармен барып, ел басшылығымен келіссөз жүргізбек деп хабарлады оның ресми сайты.

23 желтоқсанда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы кеңесінің кезекті сессиясы өтуі керек. Оған Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан президенттері қатысады.

2015 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін Еуразия экономикалық одағы қарсаңында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей президенттері бұл ұйымның кеңесі отырысында жолықпақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG