Accessibility links

Беларусь пен Ресей сауданы доллармен жасайтын болды


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь премьер-министрі орынбасары Михаил Русый "Минск пен Мәскеу Беларусьтен Ресейге экспортталатын тауарлардың бағасын доллармен есептеуге келісті" деп мәлімдеді.

Беларусь вице-премьерінің айтуынша, "Ресей жағы бұл ұсыныспен жұмыс істеу ыңғайлы болғандықтан келіскен". Михаил Русый "өйткені, контрактілерді қайта-қайта өзгертіп отыру қиын, әрі доллармен есептескен жағдайда екі жақ бір-біріне күдік келтірмейді" дейді.

Русый "Ресей мен Беларусьтің азық-түлік балансын да келіскенін" айтады. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ол жоспар (баланс) екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктерінің алқа отырысында бекітіледі.

XS
SM
MD
LG