Accessibility links

Румынияның жаңа президенті қызметіне кірісті


Румынияның жаңа президенті Клаус Йоханнис.
Румынияның жаңа президенті Клаус Йоханнис.

Будапеште Румынияның жаңа президенті, елдегі коррупциямен күресіп, күшті мемлекет құруға уәде берген Клаус Йоханнисті ұлықтау рәсімі өтті.

Әсіре оңшылдар өкілі Клаус Йоханнис қыркүйекте өткен президент сайлауында премьер-министр, солшыл қозғалыс өкілі Виктор Понтадан күтпеген жерден басым түскен. Этникалық неміс және Трансильвания қаласының бұрынғы мэрі Йоханнис елді біріктіруге уәде берген.

Ұлықтау салтанатында Йоханнис көп ұзамай елдегі саяси партияларды үкіметтің іс-қимыл жоспарын даярлау үшін келіссөздерге шақыратынын мәлімдеді.

Румыниядағы президенттік лауазымның өкілеті шектеулі. Бірақ президент сыртқы саясатқа бақылау жасап, премьер-министрді тағайындайды.

Бұған дейінгі президент Траян Бэсэску Румынияны 10 жыл басқарған.

XS
SM
MD
LG