Украина президенті Петр Порошенко Киевте Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті деп хабарлайды Украина президентінің ресми сайты.
Ресми сайттың ақпаратына қарағанда, Назарбаев кездесуде Порошенконы Украинада өткен демократиялық сайлаулармен құттықтап, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты қалпына келтіруге және Донбасстағы жағдайды бейбіт реттеуге көмектесуге дайын екенін білдірген.
"Дұрыс сайлаулар өткізіп, жаңа үкімет құру - бұл сіздің арқаңыз, мен сізді осы жеңісіңізбен құттықтаймын" деген Назарбаев.
Ал Порошенко Назарбаевқа Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығына қатысты айқын ұстанымын білдіргеніне алғыс айтқан.
Назарбаев кездесуде Донбасстағы қақтығысты реттеу туралы Минск келісімінің маңызды екенін айтып, бейбіт реттеу процесіне қосылуға ынталы екенін білдірген.
Екі ел президенттері бүгін бұған қоса кеңейтілген құрамда кездесулер өткізбек.