Accessibility links

Сот «Евразия» арнасына қарсы шағымды қанағаттандырмады


"Евразия" бірінші арнасы" телеарнасының сайтынан скриншот. 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).
"Евразия" бірінші арнасы" телеарнасының сайтынан скриншот. 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Алматының Әуезов аудандық соты қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевтың «Евразия» бірінші арнасына" қарсы берген шағымын қанағаттандырмай тастады. Бұл турасында Азаттық тілшісіне аты-жөнін айтпаған сот қызметкері хабарлады. Істі судья Алтынай Жұмабаева қараған. Шағым иесі Нарымбаев сот шешімі қолға тиген соң аппелляцияға беретінін айтады.

- Міндетті түрде аппеляцияға береміз. Біз бұған қоса телеарна сотсыз-ақ шағымымыз бойынша қандай да бір әрекеттер жасауы үшін бас прокурорға, телеарна басшылығына тікелей хат жолдаймыз. Мұндай нәрсе тек бір әрекетпен ғана шешілмейді, - дейді Ермек Нарымбаев.

Ермек Нарымбаев «Қазақстанның тіл туралы заңын орындамады» деп «Евразия» бірінші арнасы» телеарнасын, «телеарнаның бұл әрекетіне ешқандай шара қолданбай отыр» деп инвестициялар және даму министрлігіне қарасты байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетін сотқа берген болатын. Ол желтоқсанның 22-сінде басталып, сол күні аяқталған сот барысында арнаның сонымен бірге ресейлік өнімдерді жиі пайдаланатынын, осылайша "телерадио хабарларын тарату туралы заңды да бұзып отырғанын" айтқан еді.

Алайда бұл айыппен келіспеген телеарна өкілі мемлекеттік тілге қатысты TNS Central Asia зерттеу компаниясы сарапшысы жасаған талдау қорытындысын сотта көрсеткен. Онда "телеарна хабарларының 50 пайыздан астамы қазақ тілінде таралатыны" туралы баяндалған.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG