Accessibility links

Мәскеуде ҰҚШҰ жиыны басталды


ҰҚШҰ жиыны. Мәскеу, 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
ҰҚШҰ жиыны. Мәскеу, 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдер басшыларының жиыны басталды. Ұйым құрамындағы Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Армения президенттерінің кездесуі оңаша өтіп жатыр.

Бұған дейін президенттер жиын қорытындысында 22 құжатқа қол қойып, бірлескен мәлімдеме жасайтыны хабарланған.

ҰҚШҰ жиынынан соң Жоғарғы еуразиялық экономикалық кеңес саммиті өтеді. Онда Арменияның Еуразия экономикалық одағына кіруі туралы келісімді ратификациялағаны жарияланып, Қырғызстанның осы одаққа кіру мәселесі талқыланады деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG