Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения экономикалық одақ құруды аяқтағанымен, альянс мүшелері арасында келіспеушіліктер бары байқалады.
Желтоқсанның 23-і күні Ресей президенті Владимир Путин Мәскеуде Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіретін өзге төрт елдің президентімен кездескен.
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеуде одаққа кіру туралы келісімге қол қойып, келесі жылы Қырғызстан ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болатынынан үмітті екенін білдірген.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Мәскеуді "Минскімен сауда жанжалын туындатты" деп айыптаған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина дағдарысына байланысты Ресейдің оқшауланып қалуы Кремль мен оның жақын одақтастары арасында егес тудырады деген пікір білдірген.
ЕАЭО 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Қырғызстан бұл одаққа 2015 жылдың 9 мамырынан бастап қосылады. Оған дейін елдің ЕАЭО-ға қосылуы туралы келісімді ел парламенті ратификациялауы қажет.