Парламент мәжілісі депутаттары бүгін үшінші елге қатысты антидемпингтік, арнайы қорғаныс және өтемақы шаралары туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.
Жобада арнайы қорғаныс, антидемпингтік және өтемақы төлеу шараларының бірыңғай ережесі, Еуразия экономикалық комиссиясындағы арнайы органдардың тергеу жүргізу шарттары және Дүниежүзілік сауда ұйымының келісімдеріне сай тексеру жүргізу регламенттері қарастырылған.
Құжат арқылы Қазақстан заңдарын Кеден одағы және Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы ратификацияланған келісімдерге сәйкестендірілу көзделген.