Accessibility links

НАТО: Украинаға альянсқа өтініш үшін реформа қажет


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (оң жақта) пен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Брюссель, 15 желтоқсан 2014 жыл.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (оң жақта) пен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк. Брюссель, 15 желтоқсан 2014 жыл.

НАТО Украинаның Солтүстік атлантикалық альянсқа қабылдануына қатысты ешқандай әрекет жасамайды. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина парламентінің елдің әскери блокқа қосылмайтын статусын жою шешіміне қатысты Норвегияның NRK телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Столтенбергтің айтуынша, Украина НАТО-ға мүшелікке қабылдануға өтініш білдіру үшін қорғаныс саласында, мемлекеттік басқару жүйесінде және коррупциямен күресте біраз реформа жүргізуі тиіс.

Столтенберг украин жағының "НАТО-ға кіруге өтініш беруге дайындалу үшін кемінде алты жыл қажет" дегеніне сілтеп Украинада реформалар қашан жүргізілуі тиіс екенін тап басып айтпады.

Украина Жоғарғы Радасы желтоқсанның 23-інде елдің әскери-саяси блоктарға қосылмайтын статусын жоятын заң жобасын қолдап дауыс берген. Заң жобасын парламентке желтоқсанның 18-і күні Украина президенті Петр Порошенко ұсынған.

XS
SM
MD
LG