Accessibility links

Пәкістан терроризммен күресті күшейтпек


Пәкістандық әскери адам, Лахор, 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Пәкістандық әскери адам, Лахор, 22 желтоқсан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістандық саясаткерлер мен қорғаныс қызметкерлері терроризммен күрестің жаңа жоспарын құру үшін ел астанасы Исламабадта арнайы жиын өткізіп жатыр.

Жиынға Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф және бірнеше саяси партияның лидерлері, әскери өкілдер арнайы келген.

Кездесу басында Наваз Шариф "дұрыс шешім шығаратын кез келді" деді. Ал Пәкістанның ақпарат министрі Первез Рашид терроризммен күрес үшін әскери, әкімшілік және құқықтық шаралар ұйымдастыру мәселелері талқыланатынын айтты.

Өткен аптада "Талибанның" пәкістандық қанаты Пешавардағы мектептердің біріне шабуыл жасап, 148 адамды мерт еткен.

XS
SM
MD
LG