Accessibility links

Экс-әкім Смағұловты қамау мерзімі ұзарды


Мейрам Смағұлов Қарағанды қаласының әкімі кезінде.
Мейрам Смағұлов Қарағанды қаласының әкімі кезінде.

Қарағандының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты қамау мерзімі 2015 жылғы ақпанның 1-іне дейін ұзартылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының хабарлауынша, Мейрам Смағұлов осымен төртінші айға қамалып отыр.

Бұған дейін мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-әкім Мейрам Смағұловтың үстінен қылмыстық кодекстің «қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Ал қазан айының 3-інде ол екі ай мерзімге қамалып, кейін қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылған.

2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың маусымына дейін Қарағанды қаласының әкімі болып істеген Мейрам Смағұлов бұл қызметінен өз өтінішімен кеткен.

Қыркүйек айының соңында коррупциялық қылмысқа қатысты айыппен Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев те екі айға қамалған.

XS
SM
MD
LG