Accessibility links

Ватиканда FEMEN белсендісі шіркеуге қарсы акция өткізді


Ватиканда полиция шіркеу билігіне қарсы акция өткізген FEMEN белсендісін ұстап әкетіп барады. Ватикан, 25 желтоқсан 2014 жыл.
Ватиканда полиция шіркеу билігіне қарсы акция өткізген FEMEN белсендісін ұстап әкетіп барады. Ватикан, 25 желтоқсан 2014 жыл.

Ватикандағы Әулие Петр алаңында FEMEN ұйымының белсендісі шіркеу билігіне қарсы акция ұйымдастырды.

Желтоқсанның 25-і, католик христиандары Ғайса пайғамбардың туған күні - Рождество мерекесін тойлайтын күнге орай ұйымдастырылған акцияда беліне дейін жалаңаштанған әйел қуыршақтар тұрған сахнаға шығып, бесікте жатқан сәби кейіптегі Ғайса қуыршағын жұлып алған. Сол жерден белсендіні полиция ұстап әкетті.

FEMEN ұйымының хабарлауынша, акция Ватиканның ғасырлар бойы әйелдің "өз-өзіне иелік ету және бала тууын реттей алу құқығын бұзып келуіне" қарсы кампания аясында ұйымдастырылған.

Ұйым көптеген діндер "әйелдің репродуктивтік қызметіне бақылау жасауға қатты ұмтылады" деп санайды. "Бұл нәрсе бұған қоса ұлтшыл социализмге, ұлтшылдықты насихаттайтын және басқа да антигумандық идеологияларға да тән" дейді FEMEN ұйымы.

XS
SM
MD
LG