Accessibility links

Путин: Министрлер Жаңа жыл демалысына шықпайды


Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 желтоқсан 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Мәскеу, 24 желтоқсан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты үкімет мүшелерін Жаңа жыл мерекесіне берілетін демалыстан айырды.

Телеарналар көрсеткен үкімет жиынында Путин "министрлердің Жаңа жыл мерекесінде демалысқа кете алмайтынын" мәлімдеді. Ресейде қаңтардың 1-і мен 12-сі арылығы ресми түрде демалыс деп жарияланған. Путин "Бірақ биыл үкімет мүшелері үшін мұндай ұзақ мерекелік демалыс жариялай алмаймыз. Менің нені меңзеп тұрғанымды өздеріңіз білесіздер" деген.

Биыл әлемде мұнай бағасы арзандап, Украина дағдарысына қатысты Ресейге санкциялар салынуынан рубль бағамы күрт құлдырап, ол Ресей экономикасына ауыр тие бастады. Бірер күн бұрын премьер-миинстр Дмитрий Медведев "экономикалық құлдырау қаупі төніп тұр" деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG