Accessibility links

Сенат ұлттық гвардия туралы заң жобасын қолдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін "Ұлттық гвардия туралы" заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасында ұлттық гвардияның өкілеті, міндеті, қызметін ұйымдастыру тәртібі қарастырылған. Құжатта әскери қызмет атқару мен ұлттық гвардияның арнайы құралдарды, қару жарақтар мен әскери және арнайы техника мен физикалық күш қолдану шарты мен шегі қарастырылған.

Биыл көктемде ішкі істер министрлігінің ішкі әскері ұлттық гвардия болып қайта құрылған.

Ұлттық гвардия ішкі әскердің қызметін атқарып, төтенше жағдай салдарын жою, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында Қазақстан аумағынан тыс жерлерде бітімгерлік миссиясына қатысу міндеттелген. Ұлттық гвардияның элиталық бөлімі - "Бүркіт" арнайы жасағы қарулы бандалық топтармен, экстремистермен және террористермен күреседі.

Ұлттық гвардияның президенттің күзет қызметіне қатысы жоқ.

XS
SM
MD
LG