Accessibility links

Киев сепаратистерге рақымшылық жарияламақ


Укарина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко
Укарина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко

Украина таяу уақытта елдің оңтүстік-шығысындағы ресейшіл сепаратистерге рақымшылық жариялайды деп мәлімдеді елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко.

"Бірақ рақымшылыққа тек украин әскерилеріне шабуыл жасамағандар және құқық қорғау орындарымен белсенді түрде ынтымақтасатындар ғана ілінбек" деді ол "112 Украина" телеарнасында сөйлеген сөзінде.

Рақымшылық жасау туралы заң қабылдау - қыркүйектің 5-інде Минскіде өткен қақтығысты тоқтату туралы келіссөзде қабылданған хаттама талаптарының бірі. Бірақ бұл талап әлі күнге дейін орындалмай келген.

Жоғарғы Рада қыркүйектің 16-сында рақымшылық туралы заңды мақұлдаған. Бірақ оған сол кездегі парламент спикері Александр Турчинов қол қоймағандықтан заң президент Петр Порошенконың бекітуіне жіберілмеген.

Желтоқсанның 24-інде Минскіде Украинаның шығысындағы қақтығысты реттеу туралы келіссөздің жаңа кезеңінің күн тәртібінде рақымшылық жасау мәселесі қосылмаған. Ол келіссөзде тек тұтқынға алынған 150 украин сарбазын 225 сепаратиске айырбастауға уағдаластық жасалған.

Украина, Ресей өкілдері мен ЕҚЫҰ бақылаушыларының кезекті кездесуі бүгін өтуі тиіс. Бірақ өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасының" өкілі Денис Пушлин кеше кешке қарай өздерінің келіссөзге әлі шақырту алмағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG