Accessibility links

Гонконгта 37 адам тұтқындалды


Демонстранттардың Гонконг көшесінде жүрген сәті. 23 желтоқсан, 2014 жыл.
Демонстранттардың Гонконг көшесінде жүрген сәті. 23 желтоқсан, 2014 жыл.

Желтоқсанның 25-сынан 26-сына ауған түні Гонконгта мемлекетке қарсы демонстрацияға қатысқан 37 адам тұтқындалды. Полицейлер айтуынша, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Монгкок аймағында 13-76 жас аралығындағы 26 ер, 11 әйел адам ұсталған.

Полицей демонстранттар жолдарды жауып, ескертулерді тыңдамаған айтады. Дәл осы аймақта 25 қарашада 12 демонстрант ұсталған.

2014 жылдың қыркүйегінен басталған қарсылық білдірушілер 2017 жылы өтетін сайлауда аймақ басшысын тікелей сайлауды талап етеді. Заң бойынша Гонконг басшылығын Пекин сайлайды.

XS
SM
MD
LG