Accessibility links

Лукашенко Беларусь премьері мен министрлерін қызметінен босатты


Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Беларусь президенті Александр Лукашенко премьер-министрді, бірқатар министрлерді, елдің ұлттық банк төрағасы мен бірнеше ірі компания басшыларын қызметінен босатты.

Бұрынғы премьер-министр Михаил Мясниковичтің орнына президент әкімшілігінің жетекшісі Андрей Кобяков тағайындалды. Ұлттық банкті бұдан ары Каллаур Павел басқарады.

Беларусь президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, экономика министрі болып Владимир Зиновский, салық министрлігі басшысы болып Сергей Наливайко, өнеркәсіп министрі болып Виталий Вовок, білім министрі болып Михаил Журавков тағайындалды. Минск автомобиль және мотор зауыттарының басшылары да ауысты.

Александр Лукашенко елдегі экономика проблемалары жөнінде жақында жиын өткізген еді. Онда Лукашенко экономиканы тұрақтандыруға арналған шараларды кейбір сарапшылар мен басшылардың сынағанын айтқан болатын. Осы мәселені шешу үшін Лукашенко кадрларды ауыстыратынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG