Accessibility links

СІМ: Малайзия ұшағында қазақстандықтар бары туралы ақпарат жоқ


Малайзияның Air Asia компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).
Малайзияның Air Asia компаниясының ұшағы. (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі малайзиялық Air Asia компаниясының жоғалған жолаушылар ұшағында қазақстандықтар бары туралы ақпарат жоғын хабарлады.

Министрліктің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов Азаттыққа малайзиялық ұшақта қазақстандықтар бары туралы Малайзия тарапынан әзірге ешқандай ақпарат түспегенін айтты.

Желтоқсанның 28-інде Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққан Airbus-320-200 жолаушылар ұшағы радардан жоғалып кеткен еді. Бортында 162 жолаушысы бар ұшақ әуеге көтерілгеннен бір сағаттан кейін Джакартамен байланыс үзілген.

Бүгін ұшақты іздестіру жұмыстары қайта жалғасып, ондаған әскери кеме, тікұшақ пен ұшақтар Airbus-320-200 құлауы мүмкін делінген Индонезияның Белитунг аралы маңына аттанды.

XS
SM
MD
LG