Татарстан президенті Рустам Минниханов Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.
ҚазАқпараттың хабарлауынша, Рустам Минниханов Астанада қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесіп, әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылайды.
Татарстан басшысы мен қорғаныс министрі бұған қоса Қазақстан мен Татарстанның қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту саласындағы жобаларды іске асыруда өзара байланыс жайын да талқыламақ.