Accessibility links

Индонезия: Малайзия ұшағы теңізге құлауы мүмкін


Индонезиялық әскерилер мен құтқарушылар малайзиялық жоғалған Airbus-320-200 ұшағының координаттарын қарап тұр. Джакарта, 29 желтоқсан 23014 жыл.
Индонезиялық әскерилер мен құтқарушылар малайзиялық жоғалған Airbus-320-200 ұшағының координаттарын қарап тұр. Джакарта, 29 желтоқсан 23014 жыл.

Индонезияның іздеу және құтқару агенттігі басшысы Бамбанг Соелисто бүгін ел аумағында желтоқсанның 28-інде жоғалған малайзиялық Air Asia әуе компаниясының Airbus-320-200 ұшағы теңізге құлаған болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Соелистоның айтуынша, ол мұндай болжамды агенттік қолына түскен "ұшақ құлауы мүмкін" делінген мәліметтер мен координаттарға сүйеніп жасаған.

Бүгін таңертең малайзиялық ұшақты іздестіру жұмыстары қайта басталған. Іздестіру жұмысына қатысып жатқан Индонезия, Австралия, Малайзия жәнге Сингапурдың ондаған әскери кеме, ұшақ пен тікұшақтары Индонезияның Белитунг аралы маңына аттанған. Іздеу жұмыстарын Индонезия басқарады.

Индонезиядан Сингапурге ұшып шыққан, бортында 162 жолаушысы бар ұшақ радардан жоғалатын кезде Калимантан аралы мен Белитунг аралының арасындағы Ява теңізінде болған. Ұшақпен байланыс ұшқыш ауа райының қолайсыздығына байланысты лайнерді жоғары қарай ұшыруға рұқсат сұраған соң үзілген.

XS
SM
MD
LG