Accessibility links

Порошенко Астанаға кездесуге баратынын айтты


Украина президенті баспасөз мәслихатында. Киев, 29 желтоқсан 2014 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко Киевте өткен баспасөз мәслихатында "2015 жылдың 15 қаңтарында Астанада Германия, Франция, Ресей басшыларымен кездесетінін" мәлімдеді.

Оның сөзінше, Астанадағы кездесуге Германия канцлері Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд, Ресей президенті Владимир Путин барады. Кездесу барысында Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистермен арадағы қақтығысты реттеу жолдары қарастырылады.

Баспасөз мәслихатына дейін елінің блоктан тыс дәрежесін жою туралы заңға қол қойған Петр Порошенко Украинаның 2010 жылы мұндай дәреже алуын "ел әскерін құртуға әкелген стратегиялық қателік" деп бағалады.

Президент Порошенко Украинаның НАТО құрамына кіру референдумына бес-алты жылдан кейін дайын болатынын айтты.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы тілшісі. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG