Армения бүгін Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) ресми түрде кірді. Елдің одаққа қосылу туралы келісімі енді ғана күшіне енді.
ЕАЭО құрамында қазір Армениядан басқа да үш ел - Қазақстан, Ресей, Беларусь бар. Олар өз араларында тауар, қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін өтуіне мүмкіндік беруге келіскен. Бұл елдермен шектеспейтін Армения жүк өткізу үшін басқа елдермен арадағы ерекше тәртіпке сүйенеді.
ЕАЭО-ға Қырғызстан да 9 мамырдан бастап кіруге келісім жасасқан.
ЕАЭО одақ құрамындағы елдердің бірі Ресей Украинадағы оқиғаға байланысты Батыстың санкциясына ілініп, экономикасы әлсіреп бара жатқан кезде іске қосылды.