Accessibility links

Алматы облысының орталығы Талдықорған қалалық базарында 3 қаңтарға қараған түні өрт шығып 200 шаршы метр аумақ жанып кетті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, тауарлар қоймасы өртенген.

Облыстық әкімдік өрт кезінде адамдарды күйік шалмағанын мәлімдеді. Жергілікті билік өрттің шығуына электр сымының тұйықталып қалуы себеп болған деп санайды.

Қазақстанда ірі базарлар жиі өртеніп тұрады. Бұған дейін Алматыдағы "Барахолка" аталып кеткен ірі базар мен "Никольск" базарында да өрт шығып, кәсіпкерлерді шығынға ұшыратқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG