Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 33-орында тұрған Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан Shenzhen Open турының екінші айналымына шықты.
Ол бірінші айналымда хорватиялық теннисші Донна Векичті 6:3 және 6:1 есебімен жеңді. Зарина Диястың ендігі қарсыласы Тима Бабош (Венгрия) пен Ванг Жиан (Қытай) жұбының жеңімпазы болады.
Қытайда өтіп жатқан, 10 қаңтарда аяқталатын жарыстың жүлде қоры - 500 мың доллар. Зарина Дияс бұл жарыстан кейін Австралия ашық чемпионатына және Таиланд ашық чемпионатына қатыспақ.