Accessibility links

Рим Папасы жаңа кардиналдарды тағайындады


Рим папасы Франциск Римдегі Әулие Петр соборы балконында тұр.
Рим папасы Франциск Римдегі Әулие Петр соборы балконында тұр.

Рим Папасы Франциск католик шіркеуінің жаңа 20 кардиналын тағайындады. Франциск жаңа кардиналдардың аты-жөнін қаңтардың 4-інде Римде жексенбілік құлшылыққа жиналған ондаған мың адам алдында таныстырды. 20 кардиналдың 10-ы - Азия, Латын Америкасы, Африка мен Тынық мұхиты аймағы елдерінен шыққан. Франциск жаңа тағайындауды билік теңгерімін Еуропа мен Солтүстік Америкадан басқа аймақтарға қарай ауыстыру үшін жасап отыр.

Жаңа кардиналдардың арасында Солтүстік Америка елдерінен бір де бір өкіл жоқ. Жиырманың он бесі - әлі 80-ге толмағандықтан олар егер Франциск көз жұмған немесе қызметінен кеткен жағдайда шіркеудің жаңа басшысын сайлайтын конклав құрамына кіре алады.

Тек бір кардинал ғана Ватиканның әкімшілік аппараты - курия құрамына кіреді. Франциск өткен аптада курияны "мансапшылдыққа, әзәзәлдік пен дүниеқоңыздыққа ұрынып, Альцгеймер рухани дертіне шалдыққан" деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG