Accessibility links

Shenzhen Open: Зарина Дияс - ширек финалда


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан Shenzhen Open турының ширек финалына шықты.

Ол 1/8 финалда әлемнің 97-ракеткасы Тимеа Бабошты (Венгрия) 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Енді ширек финалда Дияс қытайлық Чжэн Сайсаймен кездеседі.

Қытайдағы жарыс қаңтардың 10-ы күні аяқталады, оның жүлде қоры - 500 мың доллар. Зарина Дияс бұл жарыстан соң Австралия ашық чемпионатына және Таиланд ашық чемпионатына қатыспақ.

XS
SM
MD
LG