Accessibility links

2015 жылы ҰБТ форматы өзгермейді


ҰБТ тапсырушы мектеп түлектері. Көрнекі сурет
ҰБТ тапсырушы мектеп түлектері. Көрнекі сурет

Білім және ғылым министрлігі ҰБТ 2015 жылы 1-15 маусымда өтеді деп хабарлады. Биылғы тестілеуге 100 мыңнан астам мектеп түлегі қатысады деп жоспарланған.

Министрлік мәлімдемесінде: «ҰБТ қазақ және орыс тілдерінде бес пән: қазақ немесе орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), таңдау бойынша пән (таңдаған мамандыққа байланысты, шығармашылық мамандықтары үшін таңдау бойынша пән - еркін) бойынша өткізіледі» деп жазылған.

Әр пән бойынша 25 тапсырма ұсынылады. ҰБТ-ны өткізуге үш жарым сағат (210 минут) уақыт беріледі. ҰБТ-ны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

ҰБТ-ны объективті және ұйымдасқан түрде өткізуді білім және ғылым министрлігінен арнайы дайындалған өкілдер қамтамасыз етеді. Жергілікті атқару органдары мен салалық министрлікке барлық ҰБТ өткізу пункттерінде тестілеуді ыңғайлы түрде ұйымдастыру міндеттелген.

XS
SM
MD
LG