Accessibility links

БҰҰ: 2014 жылы Сирияда 160 оқушы қаза тапты


Сирия ауылдарының бірінде жүрген бала (Көрнекі сурет)

2014 жылы Сирияда мектепке жасалған шабуылдардан 160 оқушы мерт болып, 343 оқушы жарақаттанған. Бұл туралы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының төрағасы Кристоф Бульерак мәлімдеді.

БҰҰ дерегі бойынша, Сириядағы қарулы қақтығыстан бір жарым миллион бала мектепке бармайды. 2014 жылы Сириядағы мектептерге 68 рет шабуыл жасалған. Кей сәттерде елдегі мектептерге әдейі шабуыл ұйымдастырылған.

Бульерак Ислам мемлекетінің бақылауындағы Ракка мен Дейр-эз-Зордағы мектептердің жаппай жабылуына алаңдаушылығын білдірді.

БҰҰ мәліметінше, Сириядағы қақтығыс кезінде сегіз миллион бала зардап шеккен. 1 миллион 700 мың адам босқындар лагерінде тұрады. 2011 жылдан бері Сириядағы қақтығыстан 200 мың адам қаза тапқан. Сирияда халықтың жартысынан көбі өз үйлерін тастап кеткен.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG