Accessibility links

Халықаралық ұйымдар Кетебаевтың саяси босқын екенін растады


Қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаев.
Қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаев.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарының басқармасы мен Amnesty International халықаралық құқыққорғау ұйымы Испания сотына Мадрид түрмесінде отырған қазақстандық саяси эмигрант Мұратбек Кетебаевтың саяси босқын мәртебесіне ие екенін растады. Бұл туралы тұтқынның әйелі, оппозициялық журналист Ирина Петрушова хабарлады. Ол Кетебаевқа байланысты халықаралық ұйымдардың испан тілінде жолдаған хаттарының көшірмелерін Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

Құқыққорғаушылар Испания сотын Еуропа Одағы елдерінің бірінде саяси босқын мәртебесін алған Мұратбек Кетебаевты Қазақстанға бермеуге шақырған. Сонымен бірге, олар Қазақстанда адам құқықтарына қатысты ахуалдың қолайсыз екендігіне назар аударған.Кетебаевқа саяси босқын мәртебесін 2013 жылы желтоқсанда Польша берген еді.

Қазақстанның оппозициялық саясаткері, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың серіктерінің бірі Мұратбек Кетебаев 2014 жылдың соңында Испанияда қамауға алынған. Қаңтардың 5-і күні адвокаттары Кетебаевты тұтқындау туралы сот шешіміне апелляциялық шағым берген.

Қазақстанда Кетебаевтың үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Соның бірі – 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасына тиесілі, енді бірі – 2012 жылы «Алматыда теракті ұйымдастыруға қатысты» делінген айып. Кетебаев өзін Қазақстан билігі саяси мақсатта қуғындап отыр деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG