Accessibility links

Назарбаев Рождество мерекесімен құттықтады


Алматыдағы Рождество
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00

ВИДЕО: Алматыдағы Рождество мерекесі. 7 қаңтар 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Православ христиандар елімізде конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен тыныштықты сақтауға қомақты үлес қосуда. Бүгінде қазақстандықтар қай дінді ұстанатынына және қай ұлтқа жататынына қарамастан барлық маңызды діни мерекелердің қуанышын бір-бірімен бөлісіп отырады" делінген президент құттықтауында.

Назарбаев барша діндар жамағатқа денсаулық, рухани күш-қуат, ізгі бастамаларына табыс тілеген.

Рождество мерекесіне арналған діни рәсімдер Алматы мен Астанада және елдің басқа да аймақтарында өткізілді.

Православтардың Рождество мейрамы Қазақстанда демалыс күні болып белгіленген.

AzattyqTV

AzatNews 24.05.2019
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:31 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG