Accessibility links

АҚШ Конгресі республикашылар бақылауына өтті


АҚШ Конгресінің ғимараты. Вашингтон, 6 қаңтар 2015 жыл.
АҚШ Конгресінің ғимараты. Вашингтон, 6 қаңтар 2015 жыл.

АҚШ парламенті – Конгрестің қос палатасында билік тізгіні ресми түрде республикалық партияға өтті. Республикашылар араға сегіз жыл салып екі палатаны толық өз бақылауына алып отыр.

АҚШ вице-президенті Джо Байден былтыр қарашада өткен аралық сайлау нәтижесінде алты жыл мерзімге жаңадан сайланған сенат депутаттарынан ант қабылдады.

Өкілдер палатасының спикері Джон Бейнер (Огайо штатынан сайланған республикалық партия өкілі) басым дауыспен осы қызметке кезекті мерзімге қайта сайланды.

Жаңа құрамдағы Конгресс қарайтын алғашқы құжаттардың бірі – Канададан тартылатын Keystone XL құбырын салу туралы заң жобасы. Республикашылар қабылдауға мүдделі бұл заң жобасына Ақ үй вето қоятынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG