Accessibility links

Он алты жолаушы пойызы жолда бөгелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сәрсенбіге қараған түні Жамбыл облысында 12 жүк вагоны рельстен шығып кетуі салдарынан темір жолда 16 жолаушы пойызы бөгеліп, кестедегі уақытынан кешіккен. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясы баспасөз қызметі хабарлаған.

Төтенше оқиға қаңтардың 6-сы күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23.45 кезінде Жамбыл - Түлкібас темір жол учаскесіндегі Маймақ - Күркіреусу аралығында болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» құрған арнайы комиссияның алдын-ала мәліметі бойынша, Ресейдің «Федералды жүк компаниясыына» тиесілі жүк вагоны тетігіндегі ақау кесірінен темір жолдың имек бөлігінде бұрыла алмай қалған.

«Темір жол көлігі» туралы заңға сәйкес барлық жолаушыларға тиісті өтемақы төленеді деп хабарлады ҚТЖ.

Оқиға болған темір жолда жөндеу жұмыстары жүргізілген соң сәрсенбі күні пойыз қатынасы қалпына келтірілген.

XS
SM
MD
LG