Accessibility links

ОБСЕ миссиясы: Донбастағы ахуал нашарлады


ОБСЕ миссиясы: Донбастағы ахуал нашарлады
ОБСЕ миссиясы: Донбастағы ахуал нашарлады

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы мониторинг жүргізетін миссиясы қаңтардың 6-сы күні жариялаған есебінде Украинаның Донбасындағы ахуалдың нашарлай түскені жайлы айтқан.

ЕҚЫҰ бақылаушыларының ақпараты бойынша, бұған дейін жасалған оқ атпау туралы бітім талабы қаңтардың 4-і мен 5-і аралығындағы бір тәулік ішінде 69 рет бұзылған. Оның 32-сі украиналық әскерилер тарапынан бұзылса, 37 рет сепаратистер оқ атқан.

Әсіресе, Донецк әуежайында, Пески кенті мен оған оңтүстіктен кірер тұста қарқынды атыс болған. Сонымен бірге Никишино, Чернухино және Дебальцево елдімекендері орналасқан ауданда атыстар тіркелген.

Бұған дейін ЕҚЫҰ миссиясы, қаңтардың 4-і күнгі есебінде, жаңа жылдың алғашқы күндері оқ атпау жайлы келісім талабы 38 рет бұзылғанын жазған еді.

XS
SM
MD
LG