Accessibility links

Йеменде терактіден ондаған адам мерт болды


Жарылыс болған жердегі көлік қалдығы. Сана, Йемен, 7 қаңтар 2015 жыл.
Жарылыс болған жердегі көлік қалдығы. Сана, Йемен, 7 қаңтар 2015 жыл.

Бүгін Йемен астанасы Сана қаласындағы полиция академиясының жанында болған жарылыс салдарынан 30-ға жуық адам мерт болып, 50-ден аса кісі жарақат алған.

Куәгерлер мен полицейлердің айтуынша, жанкешті шағын автобустың ішінде өзін өзі жарып жіберген. Кейін жарылысты "Әл-Кайда" ұйымы өз мойнына алды.

Бұған дейін қаңтардың 1-і күні Йеменнің Ибб қаласында болған жарылыстан 26 адам мерт болған еді. "Әл-Кайда" ұйымы ол жарылысты да ұйымдастырғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG