Accessibility links

ИМ-ді әжуалаған француз журналына шабуыл жасалды


Charlie Hebdo журналына жасалған шабуыл кезінде жараланған адамды әкетіп барады. Париж, 7 қаңтар 2015 жыл
Charlie Hebdo журналына жасалған шабуыл кезінде жараланған адамды әкетіп барады. Париж, 7 қаңтар 2015 жыл

Франция билігінің хабарлауынша, сатиралық Charlie Hebdo журналының Париждегі кеңсесіне қарулы адам 7 қаңтар күні шабуыл жасап, 11 кісі өліп, оны жараланды.

Куәгерлер журнал редакциясында оқ атылғанын айтады.

Апталық сатиралық журнал соңғы жылдары қарама-қайшылыққа толы ақпарат таратып танылған еді. Оның соңғы твитінде "Ислам мемлекеті" діни ультра-радикалдық тобының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадиді әжуалайтын карикатура жарияланған.

Куәгерлердің бірі жергілікті БАҚ-қа екі қара киінген адамның журнал редакциясы орналасқан ғимаратқа Калашников автоматтарын ұстап кіргенін, бірнеше минуттан соң атыс естілгенін айтты. Сосын қарулы адамдар ғимараттан шығып кеткен.

Франция полициясының өкілі Люк Пойнант франциялық телеарнаға: "Бұл - қырғын" деп мәлімдеді.

Дәл осы журналдың редакциясын 2011 жылғы қараша айында Мұхаммед пайғамбар туралы карикатура жариялағаны үшін әлдекімдер өртемек те болған.

XS
SM
MD
LG