Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Тоблахта (Италия) өтіп жатқан "Тур-де-Ски" жарысының үшінші кезеңінде жеңіске жетті.
Ол 10 километрлік жарыста алтын алды. Күміс медальді ресейлік Евгений Белов иеленсе, қола жүлдені норвегиялық Мартин Сундбю ұтты.
Бұл - Алексей Полтораниннің биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі.
Полторанин қазір Қазақстан ұлттық құрамасынан бөлек Эстонияда белгілі маман Мати Алавермен жаттығып жатыр. Спортшы алда Валь-де-Фиемеде (Италия) өтетін "Тур-де-Ски" жарысының төртінші кезеңіне қатысады.