Accessibility links

Назарбаев Меркельмен Украинаны талқыламақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Германия канцлері Ангела Меркель.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Германия канцлері Ангела Меркель.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 қаңтарда Берлинге келіп, Германия канцлері Ангела Меркельмен Украина дағдарысын реттеу бойынша келіссөз өткізеді деп хабарланды.

Қазақстандық және германиялық БАҚ-тың жазуынша, бұл келіссөзде екі әріптес қаңтардың ортасында Астанада Украина дағдарысы бойынша көпжақты кездесу өткізуге дайындық жасау мәселелерін талқыламақ.

Украина президенті Петр Порошенко былтыр желтоқсанда айтқан сөзінде 15 қаңтарда Астанада "норманд форматындағы" кездесуге қатысатынын хабарлаған. Қазақстан мұндай келіссөзге жағдай жасауға әзір екенін білдірген.

Кейінірек Франция мен Германия өкілдері мұндай кездесуді өткізуге негіз бар-жоғына қатысты күмән келтірген болатын.

XS
SM
MD
LG